RU

"Өзімен-өзі": Арапбаева әкесінің екінші әйеліне қатысты бар шындықты ашты

Маржан Арапбаева "Менің өмірім" бағдарламасына берген сұхбаты барысында анасының өлімінен кейін, әкесінің екінші рет үйленгенін мойындады. Әнші өгей анасымен қандай қарым-қатынаста екенін жасырмай айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Шоу-бизнес жұлдызы әкесінің екінші жары оған тірек болып отырғанын алға тартып, ол кісіге алғыстан басқа айтары жоқ екенін жеткізді.

"Ол кісінің қазір жасап жатқан басты әрі үлкен ерлігі мен жұмысы: әкемнің қасында болып, тамағын беріп, киімін жуып, серік болып, тірек болып отырғанына мен үлкен рахмет айтамын.
Бізге жамандығы да жоқ. Өзімен-өзі, көп сөйлемейтін кісі. Бірақ, әкемізге қарап отырғанына мен өте қатты қуанамын. Папамыз бастысы бақытты. Әкеміз қазір 70-тен асқан кісі деп айтпайсың. Жақында үйленген жігіт сияқты. Екеуі бірге қол ұстасып, талай-талай қыдырып жүреді" , - деді Арапбаева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1822498-zimen-zi-arapbaeva-kesini-ekinsi-jeline-katysty-bar-syndykty-asty.html