RU
Алдағы күндері Қазақстанда боран соғып, қар жауады

Алдағы күндері Қазақстанда боран соғып, қар жауады

Рассказать Вконтакте

Қазақстанда атмосфералық ағымдардың жылдам ауысуына орай ауа райы тез құбылады. Осылайша, алдағы күндері ауа райы бұлттанып, жаңбыр мен қар жауады деп күтіледі. Бұл туралы "Қазгидромет" РМҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасааған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алдағы үш тәулікте еліміздің басым бөлігінде жауын жауады деп күтілуде. Республиканың солтүстігінде көктайғақ болуы мүмкін. Сондай-ақ солтүстік өңірлерде желдің күшеюіне байланысты боран болуы ықтимал.

Синоптиктердің болжамынша, Қостанай облысында тұман түседі, көктайғақ болып, қатты жел соғады. Өңірде дауылды ескерту жарияланған. Қостанай қаласында желдің жылдамдығы секундына 18 метрді құрайды.

Ауа райының күрт бұзылуы Шығыс Қазақстан облысында да күтіледі. Онда көктайғақ болып, нөсерлі жаңбыр жаууы ықтимал. Сондай-ақ синоптиктер өңірде желдің екпіні секундына 28 метрге дейін жететінін ескертеді.

Көктайғақ, тұман мен қатты жел болу ықтималдығы Солтүстік Қазақстан облысында дауылды ескерту жариялануына себеп болды. 18 қазанда өңірде секундына 25 метр жылдамдықпен жел соғады деп күтілуде.

Сондай-ақ дауылды ескерту Нұр-Сұлтан қаласында да жарияланды. Астанадағы жел екпіні секундына 15-20 метрді құрауы ықтимал.

Сіздің реакцияңыз
4
1
0
1
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel