RU
Зорлау және азғындық жасау: Фермерлер одағының бұрынғы басшысы 19 жылға сотталды

Зорлау және азғындық жасау: Фермерлер одағының бұрынғы басшысы 19 жылға сотталды

Рассказать Вконтакте

Қазақстан фермерлер одағының бұрынғы төрағасы Әуезхан Дарынов 19 жылға сотталды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: sfk.kz

Фото: sfk.kz

Осы жылдың 11-қазанында Нұр-Сұлтанның қылмыстық істер бойынша мамандандырылған аударалық соты Әуезхан Дарыновқа қатысты үкім шығарды.

"Сот үкімімен Әуезхан Дарынов ҚР Қылмыстық кодексінің 124-бабы 1-бөлігі "Балаларды азғыру), 122-бабы 1-бөлігі (Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау), 120-бабы 4-бөлігі (Зорлау), 121-бабы 4-бөлігі (Сексуалды сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері), 124-бабы 3-бөлігімен (Жас балаға бірнеше рет азғындық жаса) кінәлі деп танылып, 19 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сонымен бірге, оған жасөспірімдер ісіне қатысты педагогикалық және өзге де жұмыспен айналысуға тыйым салынды", - деді соттың баспасөз қызметі.

Экс-басшы жазасын ерекше режимдегі колонияда өтейді. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Еске сала кетейік, осы жылдың ақпан айында зорлады деген күдікпен Қазақстан фермерлер одағының төрағасы ұсталғаны хабарланды.

Бұл барлығы үшін күтпеген жағдай болған. Әуезхан Дарыновтың әйелі, балалары мен немерелері бар.

Сіздің реакцияңыз
4
1
6
0
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel