Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ЕҰУ студенті қыздардың не себепті жасанды кірпік, қас жасататынын айтты (фото)

Опубликовано:

Жас блогер Гүлсезім Хасен жоғары білім алу мен блогерлікті бірге алып келе жатқан ару. Еуразия ұлттық университетінде тәлім алатын ол KAZ.NUR.KZ тілшісіне қазіргі қыздардың не себепті жасанды қас-кірпікке әуес екенін баяндап берді.

Фото: Instagram
Фото: Instagram: Instagram

- Гүлсезім, алдымен өзіңіз туралы оқырмандарға айтып берсеңіз? Қай жақтан боласыз? Немен айналысасыз? Мамандығыңыз бойынша кімсіз?

Сәлеметсіз бе, атым Хасен Гүлсезім, жасым 18-де. Қарағанды қаласында туып, Астанада осымен 14 жыл омір сүрудемін. Қазір мен Еуразия ұлттық университетінің туризм мамандығы бойынша 2 курс студентімін. Инстаграм желісінде өзімнің сүйікті ісіммен айналысамын.

- Желідегі суреттеріңізге қарап, мүмкін сән байқауларына қатыстыңыз деп болжадық. Бұрындары сондай байқауларға қатыспадыңыз ба?

Жоқ, ондай конкурстарға қатысу ойымда болмапты. Ондай байқауларға ұзын бойлы қыздар қатысатын шығар, менің бойым 164 см.

- Жас болсаңыз да, желідегі оқырмандар саны көп екен... Не себепті? Оқырмандар сізді не үшін оқиды деп ойлайсыз?

Иа, қазіргі күні 161 мың оқырманым бар. Жалпы фото-модель оқуын бітіргеннен кейін өзімнің парақшамды жүргізе бастадым. Кейбір адамдар менің ойымды еркін жеткізе алатыныма қызықса, кейбірі менің фотоларымды сақтай бастады. Әлі күнге дейін парақшамды пайдалы кеңестермен толтыруға тырысудамын.

Желіде жарнама жасап, табыс табасыз ба?

- Иа, жарнама жасап табыс табатынымды жасырмаймын. Ең бастысы сапалы, өзім тексерген заттарға жарнама жасау. Менің басты жұмысым ол блог, адамдармен қарым-қатынас, содан соң ғана жарнама болып табылады.

- Парақшаңызды ақтара отырып, ашық-шашық образдағы суреттеріңіз жоқ екенін көріп, таң қалдық. Қазір көптеген қыздар ашық киімдегі суреттерін жүктей беретін болған. Жалпы ондайға қалай қарайсыз?

Әркім не таңдайтынын өзі шешеді. Ешкімді сөгіп, алалай алмаймын. Ата-анамның маған берген тәрбиесімен мақтанамын және ашық-шашық киінгім келеді деп те айтып көрмеппін. Өзімнің қалай киім кигенім өзіме ұнайды.

- Қазіргі жастар шыны керек, жасанды кірпік, жасанды қас, тіпті ерін жасатып жатады... Ондайды қолдайсыз ба? Өзіңіз ондайды жасатып көрдіңіз бе?

Бұл заман талабы деп айтпас едім, бірақ айта кеткенімдей әркім өзі шешеді. Мүмкін бұл біреуден қайталау шығар, мүмкін бойдағы комплекстерді жоюға жасаған амалдары болар. Біреуге жарасады, біреуге жараспайды, сонда да, ақырындап шынайылықты жақтайтындар көбейіп келеді. Өзім жасатпаппын, менің ойымша, әркімнің өзіне сай әдемілігі бар. Оны жасыруға болмайды.

- Соңғы рет қандай кітап оқыдыңыз? Бос уақытыңызда немен айналысасыз?

Соңғы оқыған кітабим "Икигай". Қазір жастардың арасында өте танымал туынды. Бос уақытымды өзімнің блогымды жақсартуға арналған жұмыстармен айналысамын. Фотосессия, кездесулер және т.б.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1822511-eu-studenti-kyzdardy-ne-sebepti-zasandy-kirpik-kas-zasatatyndaryn-ajtty/

pixel