Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қорғаныс министрлігі әскери полигондағы граната жарылу оқиғасының мән-жайын түсіндірді

Опубликовано:

ҚР Қарулы күштері Бас штабының орынбасары, генерал-майор Әділбек Алдабергенов Маңғыстау облысы "Бекет-Ата" полигонында болған гранатаның жарылу оқиғасына байланысты түсініктеме берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Кадр ҚМ баспасөз қызметінің видеосынан алынды
Кадр ҚМ баспасөз қызметінің видеосынан алынды: Facebook

Ол 2019 жылғы 17 шілдеде сабақ кестесіне сәйкес, "Бекет-Ата" полигонында жеке құраммен арнайы оқу-жаттығу жүргізілгенін мәлімдеді.

"Мерзімді қызметтегі қатардағы жауынгер Кошелев байланысшыларға жабдықты көрсету үшін оқу-жаттығуға тартылған болатын. Ешқандай жауынгерлік тапсырманы орындауы тиіс емес еді. Сабаққа даярлық жүргізу кезінде Кошелев ешқандай бұйрықсыз, басқа оқу нүктесіне қойылған оқ-дәріге жақындап, Ф-1 гранатасын өз бетінше қолына алды", – дейді генерал-майор.

Оның айтуынша, Кошелев гранатаның жарылғыш мұрындығын тартып, тетігін іске қосқан. Дыбысын естіген соң Tadiran радиостанциясының астына салып жіберген.

"Кошелевпен бірге борышын өтеп жүргендердің айтуынша, оған гранатаның жауынгерлік екені ескертілген. Жарылыс нәтижесінде радиостанция маңындағы қатардағы жауынгерлер Кошелев пен Жаманбаев жарықшақтардан жараланды. Жақын маңдағы басқа әскери қызметшілерге де қауіп төнген. Зардап шеккен Кошелев пен Жаманбаевқа барлық қажетті медициналық және психологиялық көмек көрсетілді", – деп толықтырды Алдабергенов.

Ол Ішкі істер министрлігі әскери-тергеу басқармасының гранатаның жарылу фактісі бойынша бірден қылмыстық іс қозғағанын атап өтті.

"Тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Ішкі істер министрлігі әскери-тергеу басқармасының сұрауы бойынша әскери бөлімге келтірген залалдың бағасы берілді.
Келтірілген залалды өтеу талабына қатысты мәселелер қорғаныс министрлігінің құзіретіне жатпайды. Шешімді сот қабылдайды", – деп түсіндірді генерал-майор.

Сонымен қатар, ол 2019 жылғы 23 шілдеде әртүрлі деңгейдегі жауапты командирлерге қатысты қызметтік міндеттерін тиісті деңгейде орындамау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлім етті.

"Қарулы күштердің ішкі қызмет Жарғысын бұзу фактісі тексерілуде. Осы жағдайдағы әскери қызметшілердің іс-әрекеттерін объективті бағалау – бұндай жағдайдың қайталануына жол бермеу үшін қажет", - деп түйіндеді Қарулы күштер Бас штабының орынбасары.

Айта кетейік, әлеуметтік желілерде жарылыстан 6 млн теңгеге жуық шығын келтірілгені, оны Сергей Кошалевтың төлеуі керек деген ақпарат пайда болды.

Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев бұндай факт расталса, әскери бөлімнің келтірілген шығынды өтеуді талап етуге құқығы бар екенін айтқан болатын.

Еске сала кетейік, биылғы 17 шілдеде Маңғыстау обылысы Бейнеу ауылының полигонында оқу-жаттығу кезінде граната жарылып, әскери қызметкер жарақат алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1822529-korganys-ministrligi-skeri-poligondagy-granata-zarylu-okigasyny-mn-zajyn-tsindirdi/

pixel