RU

Алматы облысында көршісінің үйін өртеген ер адам ұсталды

Алматы облысының полицейлері өткен жылдан бері іздестіріліп жатқан ер адамды ұстады. Ұсталған азамат көршілерінің үйін өртеген деп күдіктелуде деп жазады Zakon.kz порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Instagram

Өткен жылдың жетінші маусымында Көк-Қайнар ауылының тұрғыны Іле ауданының полициясына шағымданған. Ол өзінің үйінің өртелгенін айтқан.

Зардап шегуігі өртті қойған өзінің ауылдасы болуы мүмкін екенін айтады. Ол күдікті ер адамның әйелін отбасылық ұрыстарынан соң өзінің үйіне кіргізген.

Өңірдегі полиция ұсталған адамның бірнеше рет ұсақ бұзақылық және отбасылық жанжал кезінде денсаулыққа жеңіл зиян келтіргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын мәлімдеді.

Бұл жолы ер адамға өртеу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Күдікті қашып кетіп, құқық қорғау органдары оны бір жылдан аса іздеген. Сөйтіп, ол 15-қазанда қолға түскен. қазір ол уақытша ұстау изоляторында және кінәсін мойындаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1822541-almaty-oblysynda-krsisini-jin-rtegen-er-adam-staldy.html