RU
"Жолым байланған": Бес жылдан бері сәби сүйе алмай жүрген келіншек мұңын айтты

"Жолым байланған": Бес жылдан бері сәби сүйе алмай жүрген келіншек мұңын айтты

Рассказать Вконтакте

Тұрмысқа шыққанына бес жыл болса да әлі күнге дейін бала көтере алмай жүрген келіншек көпшілікке жолы байланғанын айтып, қалай сәби сүюге болатынын сұрады деп жазады Сырласу порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

"Әрбір қыз бойжетіп, тұрмыс құрған соң бала көтеруді күтеді. Мен де 21 жасымда өзім сүйген азаматпен отбасын құрып, бақытты ғұмыр бастадым. Жігітімді жақсы көргесін бе, қайынжұртымды да жатырқай қоймадым.

Барлығы жақсы, ел сияқты тіршілік жасай бастадық. Қазақи ортаның тәрбиесін көріп өскен қыз болғандықтан, тезірек сәбилі болуды күттім. Себебі ол жайлы сұрайтындардың қатары көбейіп, бәрі тілімен «тисіп» кететін болды. Қазір жасым 26-ға келді, бес жылдан бері бала көтере алмай келемін. Оның жолында түрлі амалдарды да жасап көрдім, бірақ нәтиже болмай жатыр. Күйеуге шыққан жылы бір көріпкел «Сен, бала көтере алмайсың. Жолың байланған» деген еді. Салым суға кеткен кезде сол сөзі есіме түсіп, жанымды жегедей жейтіні бар.

Дәл сол кезде жас болдым ба, әлде сенбедім бе, мән бермей, тіпті ұмытып кеткенмін. Бірақ, шынымен арада бес жыл өтсе де ана атана алмай келе жатырмын. Күйеуім екеуміздің сәбилі болу үшін бармаған жеріміз, баспаған тауымыз қалмады.

Осы құрсақ көтерудің жолында барымды беріп келе жатырмын. Дәрігерлерге көрінгенімізбен нақты себебін ешкім дөп басып айта алмай отыр. Өйткені менің де, жұбайымның да бала туа алмайтындай кемістігіміз жоқ. Туыстардың айтуымен қазақы ем-домдарды да қолданып көрдік. Тіпті, 2 түрлі емшінің емі арқылы құрқылтайдың ұясына да отырдым.

Бір рет жатыр түтігіме ота да жасаттым, екі жыл бұрын Жаңақорғанның балшығына да бардым… қолымнан келгеннің бәрін істесем де ешқайсысынан нәтиже болмай жатыр. Барлық ем-шараларды жарты жолда қалдырмай, соңына дейін өткен болатынмын. Енді, бұйыртса, квота арқылы ЭКО жасатпақ ниетіміз бар. Бірақ оның алдында өзімді түзеп алғым келеді.

Соңғы кезде психологтар мен коучтар мәселенің бәрі біздің миымызда деп жиі айтады ғой. Бәлкім, мен де құмалақшының айтқанын миыма сақтап алған шығармын?! Содан қалай арылсам болады, жалпы жолымды қалай ашып, сәби сүйе аламын?", - деді келіншек.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
6
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel