Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екі адам қаза тапты: Алматының қақ ортасында жантүршігерлік жол апаты болды

Опубликовано:

Оңтүстік астананың қақ ортасында аса ауқымды жантүршігерлік жол апаты орын алды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам қаза тауып, тағы жетеуі жарақаттанып қалған деп хабарлайды Zakon.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: zakon.kz
Фото: zakon.kz: Facebook

Жол апаты түнде Сейфуллин даңғылы мен Бөгенбай Батыр көшесінің қиылысында болды.

Оқиға куәгерлерінің сөзінше, BMW X5 Сейфуллин көшесінің бойымен солтүстік бағытта келе жатқан. Бөгенбай Батыр көшесімен қиылысында ол бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кетті.

Фото: zakon.kz
Фото: zakon.kz: Twitter

Бұл уақытта Бөгенбай Батыр көшесімен келе жатқан Audi A6 жүргізушісі көлігін тоқтатып үлгермей қалған. Нәтижесінде екі көлік соқтығысып қалды. Audi жарнама тақтасынан, артынан ағашқа барып соғылды.

Фото: zakon.kz
Фото: zakon.kz: Twitter

Соқтығысудан кейін қозғалысын жалғастыра берген BMW тағы да бірнеше көлікке тиіп кетті. Бірнеше мәрте соқтығысқан неміс көлігінен жанармай аға бастады.

Фото: zakon.kz
Фото: zakon.kz: Twitter

Оқиға орнына шұғыл түрде өрт сөндірушілер, құтқарушылар мен жедел жәрдем келіп жетті.

Фото: zakon.kz
Фото: zakon.kz: Twitter

Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам қаза тауып, тағы жеті жолаушы жарақат алды. Құтқарушылар зардап шеккендерді көліктерден әрең алып шықты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1822568-eki-adam-kaza-tapty-almatyny-kak-ortasynda-zantrsigerlik-zol-apaty-boldy/

pixel