Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Семейде 23 жыл бұрын жоғалған бала жайлы тың деректер пайда болды

Опубликовано:

1996 жылы Семей маңындағы «Сосна» балалар шипажайында 5 жасар Ержан Сүйінжанов жоғалған болатын. Баланы іздестіру жұмыстары ешқандай нәтиже бермеген. Енді міне, 23 жылдан кейін көріпкелдің деректерінің арқасында Ресейге сауал жолданды деп хабарлайды "Экспресс К" басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Даниал Сүйінжанов және газет қиындысы. Фото: ЭК/Татьяна Рязапова
Даниал Сүйінжанов және газет қиындысы. Фото: ЭК/Татьяна Рязапова: UGC

Баланың жоғалуынан кейін шипажай аумағы мұқият тексеріліп шықты. Тіпті, іздестіру шараларына тікұшақ та тартылды. Алайда, Ержан із-түссіз жоғалған.

Ағасы Даниал Сүйінжанов әлі күнге дейін Ержанның табылатынына үміттенеді. Оның болжауынша, інісін біреу ұрлап кеткен.

Үмітін үзбеген Даниал көріпкелдерден де көмек сұраған. Олар Ержанның тірі екенін мәлімдеуде.

Жақында ер адам мәскеулік экстрасенске жүгінді. Ол жоғалған баланың жаңа есімі – Дамир Алиев екенін, қазіргі уақытта Новосібірде тұратынын және жоғары оқу орнын бітіргенін мәлім етті.

Семей полициясы бұл деректі тексеріп, ресейлік әріптестеріне сауал жолдауға уәде берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1822569-semejde-23-zyl-bryn-zogalgan-bala-zajly-ty-derekter-pajda-boldy/

pixel