RU
Танымал модель сүйіктісі Тиматиге ұл сыйлады (фото)

Танымал модель сүйіктісі Тиматиге ұл сыйлады (фото)

Рассказать Вконтакте

Ресейлік танымал рэп орындаушы әрі продюсер Тимати екінші сәбидің әкесі атанды. Өнер иесінің сүйіктісі Анастасия Решетова оған Ратмир есімді ұл сыйлаған деп жазады cosmo.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Бойжеткен өз жүктілігінің қалай өтіп жатқанымен белсенді түрде бөлісіп жүргеніне қарамастан, қуанышты хабарды 36 жастағы Тиматидің өзі жеткізген.

Ол Instagram парақшасына перзентханада ұлымен түскен алғашқы суреттерін жариялап, оған қандай есім берілгенін айтты.

Black Star басшысы перзентіне жол апатынан қаза тапқан жан досы Ратмирдің атын қойған.

Желі қолданушылары бірден жас ата-анаға өз құттықтаулары мен ақ тілегін жаудырған.

Айта кетейік, бұл Тиматидің екінші баласы. Ратмирдан басқа рэпердің Алена Шишкова есімді арудан Алиса есімді қызы бар. Рэпердің екі перзенті де некесіз туған.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
1
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel