RU
Мессиге алтыншы "Алтын бутсы" табыс етілді (видео)

Мессиге алтыншы "Алтын бутсы" табыс етілді (видео)

Рассказать Вконтакте

Аргентина құрамасы мен испаниялық "Барселонаның" шабуылшысы Лионель Месси 2018/19 маусымда Еуропаның үздік сұрмергені ретінде "Алтын бутсы" иегері атанды деп хабарлайды Eurosport.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Осымен Месси алтыншы рет "Алтын бутсы" иегері атанып отыр. Бұндай көрсеткішке оған дейін ешкімнің қол жеткізбегенін айта кету керек. Сондай-ақ футболшы бұл марапатты үшінші жыл қатарынан иеленіп отыр.

Марапаттау рәсімі Барселонадағы Antiga Fàbrica Estrella Damm мәдениет орталығында өтті.

Айта кетейік, Месси "Алтын бутсыны" бұған дейін 2009/2010, 2011/2012, 2012/2013, 2016/2017 және 2017/2018 маусымдарында иеленді.

Өткен маусымда "Барселона" сұрмергені 36 гол соқты.

Екінші орында – "ПСЖ" шабуылшысы Килиан Мбаппе (33 гол).

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel