RU
Актриса Айым Сейтметоваға сырға салынды (фото, видео)

Актриса Айым Сейтметоваға сырға салынды (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

Танымал отандық актерлар Азат Сейтметов пен Данагүл Темірсұлтанованың қызы Айым Сейтметоваға сырға салынды. Құдалық кезіндегі фото және видеолармен қалыңдықтың өзі Instagram желісінде бөліскен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жақында ғана қызойнағын Алматыда дүркіретіп атап өткен жас актрисаға қазақы дәстүр бойынша сырға салынды.

Аталмыш рәсім күні кеше жұлдызды отбасының шаңырағында өткен.

Айым Сейтметова өміріндегі маңызды күні қалай өткенін көпшілікке бейнематериалдар арқылы көрсеткен. Ол желіде сырға салу рәсімінен видео жариялады.

Оған қоса, қос тарап та үлкен тойға дайындықты қызу бастап кеткен. Алайда, дүбірлі тойдың нақты қашан өтетіні әлі хабарланған жоқ.

Айта кетейік, бұған дейін талантты актриса Айым Сейтметоваға сүйіктісі үйленуге ұсыныс жасағанын жазған болатынбыз. Бұл қадамға күйеужігіт ғашығының туған күнінде бекінген.

Фото: Скриншот/Instagram/aiymsm

Фото: Скриншот/Instagram/aiymsm

Фото: Скриншот/Instagram/aiymsm

Фото: Скриншот/Instagram/aiymsm

Сіздің реакцияңыз
5
3
0
0
3
16
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel