RU
"Ешқашан сенбейміз": СҚО-да өзіне қол салған оқушы қыздың туыстары мәлімдеме жасады

"Ешқашан сенбейміз": СҚО-да өзіне қол салған оқушы қыздың туыстары мәлімдеме жасады

Рассказать Вконтакте

Солтүстік Қазақстан облысындағы Булаево қаласында қазаншұңқырдан 17 жастағы жоғары сынып оқушысының мәйіті табылды. Полиция "Өзін-өзі өлтіруге итермелеу" бабы бойынша іс қозғаған, алайда марқұмның туыстары ол өз еркімен өмірін қиды дегенге сенбейтіндерін айтуда деп жазады "Астана" телеарнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Марқұмның ата-анасы. Видеодан кадр

Марқұмның ата-анасы. Видеодан кадр

Оқушы 13-қазанда жоғалып кеткен. Оның мәйіті келесі күні табылған. Көптеген олимпиадаларға қатысқан көңілді және күлімдеп жүретін оқушыны білетіндердің ешқайсысы оның өзін-өзі өлтіруі мүмкін екенін елестете алмады.

11-сынып оқушысы оқыған мектептің директоры Лилия Черказьянованың айтуынша ол белсенді, ашық, ер мінезді болған.

Ал оның ата-аналары болса, дәл сол күні қыздарының көңілі көтеріңкі болғанын, құрбыларымен қыдырғанын, бірақ үйге оралмағанын айтты. Оның мәйіті табылған қазаншұңқырға дейін бір сағат жол жүру керек екен.

"Қызымның өзіне қол жұмсағанына себеймін. Бұлай болмайды. Ешқашан, мен ешқашан сенбеймін", - дейді қыздың анасы Наталья Понамарева

Марқұмның әкесі де құқық қорғаушылардың сөзіне иланбады.

Қыздың туыстарының сөзінше, ол ашық бала болып, өзінің ішіндегісін бүкпесіз айтатын болған. Анасына жақында ғана жігітімен айырылысқанын айтыпты. Бірақ ол бұл жағдайдан тез шыққан.

Полиция оның денесінен зомбылықпен өлтіру белгілерін анықтамаған. Қазаншұңқыр жағасында оның сырт киімі мен ұялы телефоны қалған. "Өзін-өзі өлтіруге итермелеу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Қайтыс болған қыздың жақындары балаларының өліміне не себеп болғанын тергеу анықтайды деп үміттеніп отыр.

Автор: П. Притолюк

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
2
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel