RU
Жылқысын сойып жеген норвегиялық қыз халықтың қарғысына қалды

Жылқысын сойып жеген норвегиялық қыз халықтың қарғысына қалды

Рассказать Вконтакте

Норвегияның Трённелаг өңірінің тұрғыны Пиа Ольден бір апта бұрын жылқысының етінен стейк жасап, оның фотосын Facebook парақшасында бөліскен. Оны көрген желі қолданушылары қызға қарғыс айтып, оның әрекетін барынша әшкерелеумен болды деп хабарлайды Zakon.kz.

Фото: nypost.com

Фото: nypost.com

Пиа Ольденнің желіде жариялаған постында жылқының және оның етінен дайындалған стейктің фотосы бар.

"Мені жер-жебіріме жеткізіп қарғап-сілеп жатыр. Газеттер қарны ашқаннан жылқысын жеген жауыз деп жазды", – дейді Ольден.

Қыздың айтуынша, шындығында жағдай басқаша болған. Жылқы ауыр жараланған, жалғыз жол – оны ұйықтатып өлтіру болыпты.

"Өкінішке қарай, ұйықтатып тастауға тура келді. Оған онша көп дәрі-дәрмек салынбағандықтан, етін жеуге болатын. Бұл оңай шешім болған жоқ. Бірақ жылқым өлімінен кейін де пайдасын тигізсін деп ойладық. Көміп тастауға немесе денесін лақтырып жіберуге обал – қаншама аса сапалы ет қой бұл", – дейді 18 жастағы қыз.

Тағам түрлерін зерттеумен айналысатын маман – Аннекен Бар Бугге Пиа Ольденге қолдау білдірді.

"Жылқы еті әрине, жеуге жарамды. Оны жеу мен жемеу тек халықтың дәстүрі мен мәдениетіне байланысты. Шошқа еті де сондай ғой. Өз үйіндегі көзі үйренген жануар болған соң союға қимайды. Екінші джүниежүзілік соғыста адамдар қорадағы малын бір-бірімен ауыстырып соятын, өйткені өзінікін жей алмайтын", – дейді зерттеуші.
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
2
0
9
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel