RU
Зорлау ісін жапқаны үшін: Шымкенттік адвокат жемқорлық бойынша күдіктелуде

Зорлау ісін жапқаны үшін: Шымкенттік адвокат жемқорлық бойынша күдіктелуде

Рассказать Вконтакте

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Шымкенттегі адвокатқа қатысты сотқа дейінгі тергеу туралы хабарлады. Ол зорлау ісін тоқтату үшін шымкенттік тергеушіге пара беру кезінде делдал болған деп күдіктелуде деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Пара алды деп күдіктелген қорғаушы Шымкент қаласының адвокаттар алқасының құрамына кіреді.

"Ол Шымкент қаласы Абай аудандық полиция басқармасының тергеушісімен зорлау фактісі бойынша қылмыстық істі тоқтатуға делдалдық жасағаны үшін жалпы сомасы 360 000 теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілініп отыр", - деді ведомствоның баспасөз қызметі.

Тергеу жалғасуда, нақты шешімді сот шығарады.

Сондай-ақ, жемқорлыққа қарсы қызмет Шымкенттік тергеушінің ісіне де тергеу жүргізуде. Ол іс бойынша дұрыс шешім қабылдаудың орнына, пара алды деп күдіктелуде.

Сіздің реакцияңыз
0
2
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel