RU
Атырау облысының полицейі автокөлікпен адам қағып өлтірді

Атырау облысының полицейі автокөлікпен адам қағып өлтірді

Рассказать Вконтакте

Атырау облысында полиция қызметкері автокөлікпен жаяу жүргіншіні қағып кетіп, оқиға орнынан ізін жасырған деп хабарлайды өңірдің полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көлік қаққан 25 жастағы жігіт алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 13 қазанда Естай ауданының Зинеден ауылында орын алған.

Аудандық полиция бөлімінің қызметкері жұмыстан тыс уақытта "Ауди-А6" автокөлігімен жаяу жүргіншіні қағып кетіп, оқиға орнынан ізін суытқан.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты екі бап бойынша тергеу жүріп жатыр – "абайсызда кісі өліміне соқтырған жол қозғалысы ережесін бұзу" және "жол-көлік оқиғасы орнын тастап кету".

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel