RU
"Ақшаны далаға шашқан": Дана Нұржігіт халыққа несие беру мәселесін көтерді

"Ақшаны далаға шашқан": Дана Нұржігіт халыққа несие беру мәселесін көтерді

Рассказать Вконтакте

Сенат депутаты Дана Нұржігіт халықтың қаржылық сауаттылығын көтермей, несие беруге болмайтын мәлімдеді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Фото: Парламент сенатының сайты

Фото: Парламент сенатының сайты

Басылым мәліметінше, сенат отырысында Дана Нұржігіт ауыл шаруашылығы саласында нәсие беру мәселесін көтерген.

Халық қалаулысы жақында ғана "Даму" қорында жұмыс істейтін журналистпен кездесіп, сөйлескенін алға тартты.

Бұрынғы тележүргізушінің айтуынша, ол кісі "Даму" қорына түсетін сұрақтармен айналысады екен.

Яғни, тікелей халықпен жұмын істейді.

Осы маманның сөзіне қарағанда, халықтың қаржылық сауаттылығы өте төмен. Ал сұрақтардың басым бөлігі жеке бастың шаруасынан аспай жатады.

"Тек "Мен несие ала аламын ба?", "Мен осыған дейінгі несиелерді сіздер арқылы жаба аламын ба?" деген сияқты сұрақтардың аясынан шықпайды екен. Сосын "Өрлеу", "Бастау" сияқты бағдарламалар бойынша қаржы алдым, бизнес бастайтын болдым деп ақшаны алады, ал кейін үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізіп, я болмаса, құдайы беріп, құда шақырып, сондай өзінің жеке басының шаруаларына ақшаны жұмсап жібереді екен. "Ал үкіметке қандай есеп бересің? Қалай есеп бересің? "десе, көршінің бұзауын әкеліп, көрсете саламын деп, ақшаны далаға шашқан болып шығады. ", - деді сенатор.

Депутаттың пікірінше, халықтың қаржылық сауаттылығын көтермей, ақша бөлудің қажеті жоқ.

"Қаржылық сауаттылықты көтермей, ауыл шаруашылығындағы бизнес бастау жобаларын жіті бақыламай, нақты сұрақтарды қоя білетін адамдар алдына келмей, ақшаны бөлудің қажеті жоқ деп ойлаймын. Міне, осыған жіті назар аударылса екен деймін", - деп атап көрсетті Дана Нұржігіт.
Сіздің реакцияңыз
16
2
0
0
2
9
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel