RU
Періште сияқты: Ресейлік алты жасар модель әлемдегі ең сұлу қыз атанды

Періште сияқты: Ресейлік алты жасар модель әлемдегі ең сұлу қыз атанды

Рассказать Вконтакте

Алты жасар мәскеулік қыз өзінің періштедей кейпімен әлемді таңқалдырды. Бүлдіршіннің суреттеріне қарап отырып, оны қанатсыз періште деп ойлап қаласыз деп жазады Daily Mail порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Кішкентай Алина Якупованы әлемдегі ең әдемі қыз деп атаған. Мәскеулік модельдің жасы небәрі алтыда болса да сән ілеміндегі брендтердің жарналамарына түсіп үлгерген.

Алина Якупованың Instagram парақшасы жылтыр журнал іспеттес. Оның суреттерін бірінен соң бірін қарап отыру беруге болады.

Періште кейіпті қыздың желідегі парақшасын 25 мың адам тамашалайды. Оның блогын анасы жүргізеді.

Якупова төрт жасында модель атанған. Осы уақыт аралығында сұлулығына тамсанатын адамдар қатары көбейген. Кішкентай болса да ол балалар коллекциясына жарнама жасау арқылы отбасына табыс түсіріп отыр.

Оның оқырмандары балапанды болашақ Клаудия Шиффермен салыстырады.

"Керемет суреттер", "Өте әдемі", "Неткен сұлу едің", "Періште қыз", "Бойжетіп қалыпты", "Жыл өткен сайын сұлуланып барады", "Ханшайым", "Қарамау мүмкін емес", "Керемет суреттер, модельге сөз жоқ", - дейді оқырмандар.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel