Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Депутат жұмыста "дене шынықтыру үзілісін" енгізуді ұсынды

Опубликовано:

Қазақстандағы кәсіпорындар мен мекемелерде "дене шынықтыру үзілісін" енгізу мәселесі көтерілді. Жұмыс уақытында "ерекше үзіліс" енгізуді бүгінгі Сенат отырысында мәжіліс депутаты Абай Тасболатов ұсынды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Көрнекі сурет: pixabay.com
Көрнекі сурет: pixabay.com: Facebook
"Кәсіпорындарда, зауыттар мен мекемелерде жұмыс күні "дене шынықтыру үзілісін" ұйымдастыруды ұсынамыз. Өндірістік гимнастика енгізу керек", – деді депутат мәжілісте "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекс жобасының жаңа редакциясын таныстыру барысында.

Бұдан бөлек, депутат 14 жастан бастап ұлдарды толық скринингтен өткізуді ұсынып отыр.

"Кеңес одағы заманында және одан кейін, 2011 жылға дейін дәрігерлер 14 жастағы ұлдарды бастан-аяқ тексеріп шығатын. Яғни, әскерге алынғанға дейін толық скринингтен өткізілді. Қазір бұл практика Ресей, Өзбекстан, Беларусьте сақталды. Ал біздің елде жоқ. Өткен жылы ұлттық ұланнан 400 адам қуылған. 14 жастан бастап толық скринингтен өткізуді қайта енгізу керек шығар, бәлкім", – деді халық қалаулысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1822671-deputat-zmysta-dene-synyktyru-zilisin-engizudi-syndy/

pixel