RU
Атақты отандық әнші алғаш рет көпшілікке күйеуін көрсетті (фото)

Атақты отандық әнші алғаш рет көпшілікке күйеуін көрсетті (фото)

Рассказать Вконтакте

"Мюзикола" тобы арқылы қалың көрерменге танылған әнші Карина Абдуллина ұзақ жылдар бойы жасырып келген сырын ақтарды. Ол алғаш рет өзінің отбасылық өмірі туралы айтып, күйеуінің суретін көрсетті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Өнер иесі отбасылық өмірі жайлы құпиясын Instagram желісіндегі парақшасында бөлісті.

"Cұлулығыма және талантыма қатысты хабарламаларды алу мен үшін үлкен мәртебе! Мен барлық адамдарға жауап беруге тырысамын, оларға рақмет айтамын және барлық жанкүйерлерімді бағалаймын.
Бірақ менің жүрегім тек бір адамға тиесілі. Мен заңды түрде тұрмыстамын. Менің күйеуім керемет адам, ол мамандығы бойынша дәрігер. Екеуміздің Альберт атты ұлымыз бар. Біздің жанұямыз интернационалды. Жұбайымның бойында ирандық және испандық қан бар, менің қаным татар мен орыс ұлты. Алайда біз нағыз қазақстандық отбасымыз, бір-бірімізді, Отанымызды жақсы көреміз. Махаббаттарыңыз үшін бәріңізге рақмет", - деп жазды Карина Абдуллина.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
4
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel