RU
Қазақстанда ақы төленетін тағы бір демалыстың түрі пайда болуы мүмкін

Қазақстанда ақы төленетін тағы бір демалыстың түрі пайда болуы мүмкін

Рассказать Вконтакте

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәжілісте Ұлт денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексті талқылау барысында қызметкердің медициналық тексеруден өтуі үшін бес күнге дейінгі мерзімге ақы төленетін демалыс енгізілуі мүмкін деп мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Бұл мәселені денпутат Яковлева көтерді.

"Бірінші мәселе: "скринингтен өту үшін әлеуметтік демалыс" ұғымы енгізіледі. Төлене ме ол әлде жоқ па?"- деп сұрады ол.

Жауап ретінде денсаулық сақтау министрлігінің басшысы скринингтен өту үшін әлеуметтік демалыс туралы норма Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Кодекс жобасында қарастырылғанын хабарлады.

"Жоспар бойынша, бұл демалыс еңбек демалысы ретінде есептелмейді.
Жұмыс берушілердің құқық бұзушылық үшін, сондай-ақ, оның ішінде, егер скринингтен өтпесе, қызметкерлерді өз міндеттерін орындауға жіберу үшін де тиісті нормалары мен жауапкершіліктері қарастырылады. Демалысқа ақы төленеді - бұл маңызды", - деді Біртанов.

Сіздің реакцияңыз
1
1
1
0
0
8
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel