RU
"Күйеуім төлейді": Қайын ағасының кредитінен шаршаған келіншек мұңын шақты

"Күйеуім төлейді": Қайын ағасының кредитінен шаршаған келіншек мұңын шақты

Рассказать Вконтакте

Әлеуметтік желіде тұрмыстағы келіншек қайын ағасының несиесінен шаршағанын айтып, көпшіліктен ақыл-кеңес сұрады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay

Көрнекі фото: pixabay

Әйел адам жан сырын Instagram-дағы Ushbu_hat тобында жариялады.

Ол үлкен әулет болып бір шаңырақтың астында өмір сүріп жатқанын жеткізді.

Тұрмыстағы келіншек қайын ағасының кредиті көп екенін, 5 жыл бойы несиесін жабуға күйеуі көмектескенін алға тартты.

"Көмектеспесін демеймін. Бауыры ғой көмектессін. Бірақ қайын ағам мен абысыным тым шектен шығып кетеді. Інісінің жанұясы жоқ деп ойлайды ма екен, әйтеуір ақшаны оңды-солды шаша береді", - деді ол.

Әйел адам өзінің мінезі тұйық екенін, үндемейтін адамның қатарында екенін растады.

Оның айтуынша, қайын ағасы мен абысыны бір-біріне сай қосылған.

"Екеуі бір-біріне сай келеді. Той десе алдарына жан салмайды. Тіпті балаларына қарауға шамалары келмей кетеді. Тойға бару үшін абысыным қарызға ақша алып, киінеді. Ал соны менің күйеуім төлейді. Жыным ұстайды", - деді тұрмыстағы келіншек.
Сіздің реакцияңыз
10
1
0
3
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel