RU
Қазақстанда шетелдік азаматтардың ағзасын трансплантациялауға тыйым салынуы мүмкін

Қазақстанда шетелдік азаматтардың ағзасын трансплантациялауға тыйым салынуы мүмкін

Рассказать Вконтакте

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәжіліс отырысында ағзаны заңсыз салған трансплантолог Ғани Құттымұратовтың ісіне пікір білдіріп, бұл істің салдары қандай болатынын айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Оның сөзінше, ағза трансплантациясы - өте күрделі ота, оған ондаған маман қатысады және оны жасырын түрде жасау мүмкін емес.

"Біз заңсыз (ота - ред.) туралы айтқан кезде адамдарды ұрлап, ағзаны жертөлелерде кесіп алып, саудагерлік жасайды деп ойлаймыз. Ондай жоқ. Заң тұрғысынан талап етілген, бекітілген тәртіп бар.
Соңғы шулы кейстерге қатысты: олар тірі донорлардың бүйрек трансплантациясымен байланысты. ҚР заңнамасы бойынша егер биологиялық сәйкестік болса, тірі донордан бүйрек трансплантациясын жасау мүмкіндігі қарастырылған. Яғни, туыстық байланыс болуы міндетті емес.
Бұл қажеттілігі өте жоғары адамдардың тек туыстық көмек алу мүмкіндігімен шектелмейтініне байланысты", - деді Біртанов.

Оның айтуынша, бұл жағдайда шетелдік донор мен шетелдік реципиентке қатысты жанжал болған.

"Олар (ағзасын беруге - ред.) келісім бойынша екенін айтып, нотариалды түрде өз ағзасын беріп, бүйректі салған. Әдеттегідей, бұл табысы аз елдердің донорлары мен табысы жоғары елдердің реципиенттері туралы болды.
Ағзаны сатқаны үшін жауапкершіілк қарастырылғандықтан, бұл шынында заң бұзушылық емес. Мұнда сатылым болды ма болмады ма деген сұрақ туындайды. Бірақ ол медицина қызметкерлерінің мұндай мүмкіндіктері жоқ.
Біздің заңнама тұрғысынан бәрі заңға сәйкес жасалды. Мұның ерікті түрде берілгенін растайтын құжаттар болды және ота жасалды", - деді министр.

Сонымен бірге, Біртанов халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы жаңа кодексте резидент емес шетелдік азаматтарға Қазақстан аумағында ағзаларын трансплантациялауға тыйым салуды ұсынып отыр.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel