Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әліппе" оқулығының мектеп бағдарламасына қашан енгізілетіні белгілі болды

Опубликовано:

Білім және ғылым министрінің орынбасары Шолпан Каринова "Әліппе" оқулығы туралы мағлұмат берді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Көрнекі фото: 0088.kz
Көрнекі фото: 0088.kz: Facebook

Бұл туралы вице-министр журналистерге берген сұқбатында айтты.

Каринованың сөзінше, "Әліппе" бойынша тисті жұмыстар атқарылып жатыр.

"Әрине, бұл оқулық қайтарылады. Келесі жылы жаңартылған білім беру мазмұнының бірінші циклы аяқталады. Оған 11-сынып та кіреді. Одан кейін 2021 жылдан бастап қайта жаңарту жұмыстары жүргізіледі. Әліппені енгізу осы 2021 жылдан басталады", - деді ол.

Министрдің орынбасары оқулық Ахмет Байтұрсынов әдістемесі негізінде жасалып жатқанын жеткізді.

Сондай-ақ, ол "Әліппе" оқулығы латын графикасымен жазылатынын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1822714-lippe-okulygyny-mektep-bagdarlamasyna-kasan-engiziletini-belgili-boldy/

pixel