RU
Елімізде кешкі 8-ден таңғы 9-ға дейін шулауға тыйым салынуы мүмкін

Елімізде кешкі 8-ден таңғы 9-ға дейін шулауға тыйым салынуы мүмкін

Рассказать Вконтакте

Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекс жобасы әкімшілік жауаптылық кодексіне бірқатар шектеу ережелерін енгізеді. Олардың ішінде кешкі 8-ден таңғы 9-ға дейін шу шығаруға тыйым салыну қарастырылған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

"Тыныштықты бұзу туралы 437-бап қайта қаралды. Қазіргі 23.00-ден таңғы 06.00-ге дейінгі уақытты 20.00-ден таңғы 09.00-ге дейін өзгерту ұсынылып отыр", - делінген денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекс жобасы жайлы баяндамасында.

Сондай-ақ, заң жобасында тұрғын үй ғимараттарында және тұрғын үй құрылысы аумағында орналасқан ойын-сауық мекемелеріне жұмыс күндері кешкі 22.00-ден таңғы 06.00-ге дейін, ал демалыс және мереке күндері кешкі 23.00-ден таңғы 10.00-ге дейін тыныштықты бұзуға тыйым салу көзделген.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 437-бабына сәйкес, тыныштықты бұзғаны үшін жеке тұлғаларға – 5 АЕК (12 625 теңге), шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 10 АЕК (25 250 теңге), орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 15 АЕК (37 875 теңге), ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 50 АЕК (126 250 теңге) айыппұл салынады.

Егер әкiмшiлiк жазадан кейiн, заң бұзушылық бiр жыл iшiнде тағы қайталанса, онда айыппұл сомасы екі еселенеді.

Сіздің реакцияңыз
2
3
0
0
0
16
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel