RU
Бетін сүлгімен сүрткен үй тазалаушы әйел бір көзінен айырылып қалды

Бетін сүлгімен сүрткен үй тазалаушы әйел бір көзінен айырылып қалды

Рассказать Вконтакте

Англияның Стаффордшир графствосының тұрғыны Клэр Уиллис демалысқа аттанамын деп опық жеп қалды. Демалысқа отбасымен бірге Түркияға аттанған ол, жуынатын бөлмеде сүлгімен бетін сүртемін деп, көзінен айырылып қалған деп хабарлайды life.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: life.ru

Фото: life.ru

45 жастағы әйел адамның айтуынша ол көзін сүлгімен сүрте бергені сол еді, әлдененің жарылған дауысын естіген. Деру арада ол айнаға қарай бет алған.

"Көзімнің қатты ауырғаны соншалық, ондағы қарашық түсіп қалды деп ойладым. Алайда көзімде қан ештеңе болған жоқ, тек қазарып қана тұрды", - дейді 45 жастағы әйел адам.

Ер адамның күйеуі оны ауруханаға жеткізгенімен, ондағылар көздің шынайнасы жарылғанын айтқан. Ол елге қайтарда науқас көзіне инфекция жұқтырып, нәтижесінде дәрігерлер оның бір көзін алып тастауға мәжбүр болған.

Қайғылы оқиғаға тап болған Клэр Уиллис бір көзінен айырылған соң, балаларды шошытпау үшін, өзінің мектеп тазалаушы қызметінен де бас тартқан.

"Мен тек өз көзіммен балаларды шошытқым келмеді", - дейді Англия тұрғыны.
Сіздің реакцияңыз
0
3
2
8
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel