Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда 200 теңгелік монеталар айналысқа шығады

Опубликовано:

Қазақстан Ұлттық банкі 2020 жылы номиналы 200 теңгелік монетаны айналысқа шығарады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Қазақстанның Ұлттық банкі
Фото: Қазақстанның Ұлттық банкі: UGC

Ұлттық банктің мәліметінше, төмен номиналдағы банкноттар 1-1,5 жыл ішінде тозады.

"Салыстыру үшін, жоғары номиналдағы банкноттар және монеталардың қолданылу мерзімі көбірек. Монеталардың қолданылу мерзімі – 10-15 жыл", - делінген хабарламада.

Қолма-қол ақша айналысын тиімді ұйымдастыру және төмен номиналдардың қолданылу мерзімін ұлғайту мақсатында, Ұлттық банк номиналы 200 теңгелік айналыстағы монетаны шығару туралы шешім қабылдағаны белгілі болды.

"Номиналы 200 теңгелік банкноттар заңды төлем құралы болып қалады және төлемдердің барлық түрлері бойынша қабылдануға міндетті. Олар табиғи тозуына қарай айналымнан алынатын болады", - деді Ұлттық банктің өкілі.

Сондай-ақ, номиналы 200 теңгелік айналыстағы монеталарды айналысқа шығарудың жоспарланып отырған көлемі айналыстағы монеталардың жалпы сомасының 26%-ын құрайтыны хабарланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1822733-kazakstanda-200-tegelik-monetalar-ajnalyska-sygady/

pixel