RU
Елімізде тұрғындардың несиені көбінесе қандай мақсатпен алатыны белгілі болды

Елімізде тұрғындардың несиені көбінесе қандай мақсатпен алатыны белгілі болды

Рассказать Вконтакте

Қазақстанның ақпарат және даму министрі Дәурен Абаев "Хабар" арнасындағы "Ашық диалог" бағдарламасында жағдайы төмен тұрғындардың несие алуына тыйым салу бастамасын қолдады деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Министрдің сөзінше, бұл мәселеге кешенді түрде қараған жөн.

Ол бұның барлығы еліміздің тұтас қаржылық жүйесін сауықтыру үшін жасалып жатқанын айтты.

Абаев мемлекет бұрын-соңды болмаған қадам жасап, әлеуметтік жағдайы төмен азаматтардың несиелік қарызын жазда өтегенін еске салып өтті.

"Бұл мақсатта 100 млрд теңгеден астам қаражат жұмсады. Жарты миллионнан астам тұрғынның несиесі жабылды. Одан бөлек, мемлекет атаулы әлеуметтік көмек, көпбалалы отбасыларды қолдау, жұмыспен қамту сынды әлеуметтік көмекті қажет ететін жандарға қолдау көрсету шараларын күшейтіп келеді. Мұның барлығы несиенің жалғыз күнкөріс көзі болмауы үшін жасалды", - деді министр.

Министрдің пікірінше, банктер мен қаржылық мекемелердің жауапкершілігін көтеретін кез келді.

"Әрине, олар халықтың төлем қабілетін тексеруге жауапкершілікпен қарауы тиіс. Оған қоса, белгілі бір қаржылық мәдениетті қалыптастыру қажет.
Қазір ұлан-асыр той үшін немесе телефонның жаңа үлгісін алу үшін несие алатындарды жиі кездестіреміз. Сондықтан, Ұлттық банк пен оның төрағасы Ерболат Досаевтың бағыты дұрыс. Оларға қолдау көрсету қажет", - деді Д. Абаев.
Сіздің реакцияңыз
1
1
0
0
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel