RU
"Кіндігін кесіп, есімін қойды": Алматылық студент келіншекті босандырып алды

"Кіндігін кесіп, есімін қойды": Алматылық студент келіншекті босандырып алды

Рассказать Вконтакте

Алматы медициналық вуздың 24 жастағы студенті Данара Шайхина оңтүстік астанадан Талдықорған қаласына бара жатқан жолда әйел адамды босандырды деп хабарлайды inAlmaty.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Бойжеткенді 15 қазан күні ерлі-зайыптылар алып келе жатқан. Әйел адам кенеттен босана бастады. Болашақ хирург, Асфендияров атындағы медициналық академиясының 7 курс студенті тайсалған жоқ.

Данараның сөзінше, ол Талдықорғанға үйіне кетіп бара жатқан жолда ұйықтап қалған. Тек түнгі 11-де айқай-шудан оянған. Әйел адам босана бастаған. Көлікте қажетті заттардың кішігірім жиынтығы пайда болған.

"Қорқынышты болды деп айту - аздық болар. Бірақ баланың басы көріне бастады, тездету керек болды", - деп есіне алды ару.

Ол өзін-өзі қолға алып, әйелді босандырып ала алды. Барлығы сәтті өтіп, дүниеге ұл бала келді. Ерлі-зайыптылар сәбиге есімді Данара қою керек деген шешімге келді. Студент-интерн нәрестені Әбдікәрім деп атады. Бойжеткеннің батыл әрекеті желіде талқылануда.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
16
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel