RU
"Өлетін сәтімізді күттік": Сириядан оралған әйел қорқынышты күндерін айтып берді

"Өлетін сәтімізді күттік": Сириядан оралған әйел қорқынышты күндерін айтып берді

Рассказать Вконтакте

Тоқтаусыз жарылыстар, өлім мен өзен боп аққан қандар. Сириядағы соғыстан елге оралғандардың бірі Албина Мансұрова өткен күндерін осылай деп еске алды. Айтуынша, олар тек өлімін күтумен болған деп хабарлайды "Астана" телеарнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Астана телернасының видеосынан кадр

Астана телернасының видеосынан кадр

Албинаны Сирияға баруға діни фанат күйеуі көндірген. Келіншек Таяу Шығыстағы өмірін мүлдем басқаша елестетіпті. ол бастапқы уақытта ешқайда шықпастан, тек үйде болған.

"Біз тек өлетін сәтімізді күттік. Қай кезде, қашан, біз білген жоқпыз. Күн сайын қашан өлерімізді күттік", - деді Албина.

Алайда отағасы соғыс кезінде қайтыс болған соң, ол Отанына оралу керегін, онда ешқандай болашақ жоқ екенін түсінген.

"Ол жақта балаларым үшін де, мен үшін де болашақ жоқ екенін көрген соң, кеткім келді. Ол жақта дін жоқ екенін көрген соң кеткім келді. Бұл дінді жамылған, исламды жамылған саясат болды", - дейді келіншек.

Дегенмен жалғызбасты балалы әйелге жауынгерлік іс-қимылдар аймағынан кету оңай болмаған. Құтылудың жалғыз амалы болғандықтан, күрдтерге берілуге мәжбүр болған.

Албина Сирияда алты жыл өмір сүріпті. Соңғы айларын лагерде өткізген. Сөйтіп Қазақстан жасаған "Жусан" ірі гуманитарлық операциясының арқасында 600 қазақстандықпен бірге елге оралыпты.

Автор: А.Бржанова

Ескке сала кетйік, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі "Жусан" операциясы шеңберінде Сириядан 600-ге жуық Қазақстан азаматы елге қайтарылғанын, террористік ұйымның әрекетіне қатысу фактісі бойынша 15 адамның жазаға кесілгенін мәлімдеген еді.

Сіздің реакцияңыз
5
0
4
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel