RU
Гүлназ Жолановаға "Қазақ аруы" атағын әкесі сатып алып бергені рас па

Гүлназ Жолановаға "Қазақ аруы" атағын әкесі сатып алып бергені рас па

Рассказать Вконтакте

2014 жылы "Қазақ аруы" сұлулық байқауында жұлдызы жанған Гүлназ Жоланова өзіне қатысты ел арасында есіп жүрген қауесеттерге жауап берді. Көпшілік талай бойжеткен аңсаған тәжді актрисаға әкесі сатып алып бергенін айтуда деп жазады "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Жоланова "Қазақ аруы" атағын әділетсіз түрде ақшаға сатып алғанын жоққа шығарды.

"Қазақ аруында менің әкем қазылар алқасында отырған деп айтқан. Осыдан үш жыл бұрын мен денсаулығымды тексертуге бір рет Кореяға барғанмын. Сол кездегі мен бір клиникада отырған суретімді алып, ота жасатқан деп те айтқан. Бұл жалған ақпарат" , - деді ару.

Айта кетейік, Гүлназ Жоланова 2014 жылы Баян Мақсатқызы ұйымдастыратын "Қазақ аруы" байқауында жеңіске жетті. Бұл сұлулық байқауы оның өмірін күрт өзгертіп жіберді. Бойжеткен түрлі фильмдердің түсірілімдеріне шақырту алып, бүгінде отандық үздік актрисалар қатарына енген.

Сіздің реакцияңыз
7
0
0
0
0
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel