RU
Абаев: Қазақстандықтар той өткізіп, телефон сатып алу үшін жиі несие алады

Абаев: Қазақстандықтар той өткізіп, телефон сатып алу үшін жиі несие алады

Рассказать Вконтакте

Қазақстанның ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев "Хабар" телеарнасындағы "Ашық диалог" бағдарламасында аз қамтылған отбасыларға несие беруге тыйым салу туралы жаңалыққа пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: KAZ.NUR.KZ.

Фото: KAZ.NUR.KZ.

Ведомство басышысының пікірінше, бұл мәселені жан-жақты қарау керек. Ол мұның бәрі халықтың барлық қаржы жүйесін сауықтыру үшін жасалып отыр деп санайды.

Даурен Абаев биылғы жылдың жазында мемлекеттің президент тапсырмасымен аз қамтылған отбасылардың несиелерін жауып бергенін атап өтті. Осы мақсатқа 100 млр теңгеден жоғары қаржы жұмсалған.

"Тұрғындарымыздың жарты миллионы несиелерін жапты. Мемлекет аз қамтылған отбасыларды қолдауды күшейтті. Атаулы әлеуметтік көмек, көпбалалы отбасыларды қолдау, жұмысқа орналастыру бар, яғни, несие өзмір сүрудің жалғыз көзі болмауы үшщін барлық жағдайлар жасалып жатыр.", - деп атап өтті министр.

Оның ойынша, банктер мен қаржы мекемелерінің жауапкершілікті арттыратын кезі келді.

"Олар әрине, адамдардың төлеуге қабілетті екенін мұқият тексеріп, жауапкершілікпен қарау керек. Сонымен қатар, әлбетте, қаржы мәдениетін құрастыруды ұмытпау керек. Біз несиені дүбірлі той өткізу үшін немесе соңғы модельді телефонды сатып алу үшін алатынын жиі көреміз. Сол себепті Ұлттық банк пен оның төрағасы Ерболат Досевтың бүгінде дұрыс жұмыс істеп жатқанын атап өту керек", - деп хабарлады Абаев.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
2
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel