RU
Абаев Қазақстанда араб шейхтарына аңшылыққа рұқсат беру туралы мәселеге пікір білдірді

Абаев Қазақстанда араб шейхтарына аңшылыққа рұқсат беру туралы мәселеге пікір білдірді

Рассказать Вконтакте

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев "Хабар" телеарнасындағы "Ашық диалог" бағдарламасына берген сұхбатында Қазақстанда араб шейхтарына аңшылыққа рұқсат беру туралы мәселеге жауап берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Жүргізуші Александр Трухачев бұл шешімнің бір жақты емес екенін атап өтті. Журналист министрден мемлекеттің бір жағынан браконьерлікпен күресіп, фауна өкілдерін қорғаудың барлық амалдарын жасап жатқанын, екінші жағынан шетелдіктердің оларды өлтіруіне неге мүмкіндік беретіндігін сұрады.

"Бұл жерде қосарланған стандарттарды байқауға болады деп ойламайсыз ба?", - деп сұрады жүргізуші.

"Біріншіден, бұл жерде ешқандай қосарланған стандарт жоқ. Бұл жерде біз бұл мәселені қатаң реттеу туралы айтып отырмыз. Аумақтар, аң аулау мерзімдері, ең бастысы, аулауға болатын аңдардың саны анықталды. Балықшылар мен аңшыларға да осындай жол арқылы жолдамалар беріледі", - деді Дәурен Абаев.
"Екіншіден, өлтірілген әрбір аң аңшыларға едәуір қымбатқа түседі, содан кейін олар қорғалатын табиғи аумақтардың экологиясын сақтауға жұмсалады.
Менің әріптесім Мағзұм Мырзағалиев (Экология министрі - ред.) жақында өте жақсы статистика келтірді. Осы жылдар аралығында 969 дуадақ атылып, 20 мыңдайы бостандыққа жіберілген", - деп түсіндірді министр.

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Кенияны мысалға келтірді. Онда шетелдіктерге аң аулауға тыйым салынған. Сөйтіп қаражаттың жетіспеуінен жануарлардың саны азайған. Оңтүстік Африкада трофикалық аң аулауға рұқсат етіледі. Соның арқасында аңдар саны бірнеше есеге өскен.

Еске сала кетейік, бұған дейін премьер-министр Асқар Мамин араб шейхтарына Қазақстан қорықтарында жек дуадақтарға ителгімен саятшылық жасауға рұқсат бергенін хабарлаған болатынбыз.

Сіздің реакцияңыз
8
0
0
0
1
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel