Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Құйрығынан шапалақпен ұрған: Қостанайда балабақша тәрбиешісі жұмыстан шығарылды

Опубликовано:

Қостанайда балаларды тәрбиелеу әдіс-тәсілімен ата-аналарды қорқытқан №6 балабақшасының тәрбиешісі жұмыстан шығарылды деп жазады "Алау" порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Балабақшадағы балалардың бірінің ата-анасы қыздары үйіне келіп, тәрбиешінің өзін ұратынын айтып, шағымданғанын алға тартуда.

Тәрибиешінің баланы ұрғаны белгілі болды. Басқа да ата-аналар дабыл қағып, оларға бейнебақылау камерасындағы жазбаларды көрсеткен.

"Тәрбиешінің біздің баламызды ғана емес, бірнеше баланың құйрығынан шапалақпен ұрғанын растайтын видео берді", - дейді қыздың анасы.

Білім бөліміне педагогтің үстінен ұжымдық шағым түскен. Әйелді балабақшадан шығарып жіберіпті.

Әкімдікте тәрбиеші балаға физикалық қысым көрсеткендіктен жұмыстан шығарылды деген мәліметті растады.

Ал ата-аналар балабақшада онлай-камера орнатуды сұрады. Алайда әкімдік заңдағы заңдылықпен сәйкеспейтіндіктен, мұны әзірге жасау мүмкін емес екенін айтқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1822806-kjrygynan-sapalakpen-rgan-kostanajda-balabaksa-trbiesisi-zmystan-sygaryldy/

pixel