Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сібірдегі қазақтарға концерт берген Роза Әлқожа тыңдарманын тәнті етті (видео)

Опубликовано:

Отандық танымал әнші Роза Әлқожа Сібірге арнайы барып, Түмен облысындағы қазақтар үшін ән кешін өткізіп қайтты. Қазақстандық жұлдыздың өнеріне тәнті болған қандастырымыз оған алғысын білдіріп, өз аттарынан ерекше марапатты тарту еткен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Өнер иесі Ресейде тұратын қазақтар үшін концерт беріп жатқанын өз Instagram парақшасында хабарлаған. Роза Әлқожа әзірге Сібір аумағындағы Қорған мен Түмен облыстарында ән кешін өткізіп үлгерді.

Әншінің өнерін тамашалауға сол өңірлерде тұратын барша қандастары барған. Шоу-бизнес жұлдызының концертінде зал адамдарға лық толы болды.

Ресейлік қазақтарды қазақша әндермен таңдай қақтырған Роза Әлқожа кеш соңында Түмендегі қазақ диаспорасының атынан алғыс хатқа ие болған. Марапатты оған ұйым төрағасы Есенғали ыбыраев табыстады.

Фото: Instagram/roza_alqozha. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/roza_alqozha. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1822807-roza-lkoza-sibirdegi-kazaktarga-koncert-berip-tydarmanyn-tadaj-kaktyrdy-video/

pixel