RU
Студенттер IT-мамандардың жұмысы жемісті болуына ықпал ететін интерьер ойлап тапты

Студенттер IT-мамандардың жұмысы жемісті болуына ықпал ететін интерьер ойлап тапты

Рассказать Вконтакте

Алматыда Төлеу Құлшаманұлы Бәсенов атындағы сәулет және құрылыс институтының он бір студенті мен Қарағанды политехникалық колледжінің бір студенті IT-мамандардың жұмысы жемісті болуына оң ықпал ететін интерьер дизайнының алты жобасын құрды.

Студенттер IT-мамандардың жұмысы жемісті болуына ықпал ететін интерьер ойлап тапты

Фото: AV (Айиррис Ахметкалиева және Вита Колесникова) командасының сайыстық жұмысы

Студенттердің басым бөлігі жарқын кірістірмелері бар сұр түсті гамма ең өнімді деп санайды. Түрлі-түсті маркерлермен пайдалы жазбалар жасауға болатын қабырғалар, сондай-ақ түрлі-түсті элементтер, демалуға арналған аймақтар, брейн-шторминг және ауқаттануға арналған бөлмелер шығармашылық және зияткерлік қызметті белсендірек етеді.

Болашақ сәулетшілер мен дизайнерлер Айиррис Ахметкалиева, Вита Колесникова, Саида Әлжанова, Айдана Ағыбай, Даяна Сесез, Юрий Шумаков, Оксана Барсукова, Аңсар Жалғасов, Айғаным Есенбаева, Григорий Мулагулов, Дарья Абайдулова мен Анна Ганенко Еуразиялық банк байқауы шеңберінде этно, лофт, эклектика стилінде өздерінің интерьерлік әзірлемелерін жасады.

"Экономикадағы адамдардың басым бөлігі креативті заттармен айналысады: роботтарды ойлап шығару, бояу, жасау, сандық сервистер мен IT-қосымшаларды әзірлеу. Бірақ стерильді ақ түсті 4 қабырғаның ортасында отырып, бақылау кеңістігінде жұмыс жасау мүлде креативті емес. Өйткені жұмыс кеңістігі шабыттандыруы тиіс", - деп есептейді банк басқармасының төрағасы Валентин Морозов.

Бүгінгі таңда IT-технологиялар - банк ісін қоса алғанда, бизнестің көптеген салаларында өсу драйвері. Сондықтан, әсіресе, бағдарламашылар, әзірлеушілер және басқа да IT-мамандар өздерін уақыттың көп бөлігін өткізетін кеңседе жайлы сезінуі маңызды. Еуразиялық банк ғимаратының тұтас бір қабаты — өздігінше IT-мамандардың әлемі.

Студенттер IT-мамандардың жұмысы жемісті болуына ықпал ететін интерьер ойлап тапты

Фото: «Начало» (Оксана Барсукова және Ансар Жалгасов) командасының сайыстық жұмысы

"Біз қызметкерлерге жұмыс орны ұнауы үшін кеңістікті өзгертуді шештік. Сол орайда сәулетші студенттер үшін байқау ұйымдастыру идеясы пайда болды. Жеңген адамның қабырғаларды бояуға ғана емес, сонымен қатар толық авторлық қадағалауды жүзеге асыруға мүмкіндігі бар", — дейді Валентин Морозов.

15 қазанда қатарына банк басқармасының төрағасынан басқа қарапайым қызметкерлер де кірген конкурс комиссиясы студенттердің жұмыстарын эргономикалық жағынан, бірыңғай концепциясы мен стильдің болуына қарай бағалады.

Екінші және үшінші орын үшін байқаудың жүлде қоры "Меломан" дүкендер желісіне 45 000 және 30 000 теңге сертификатынан тұрды, ал бас жүлде 585 000 теңге көлемінде ақшалай сыйақы болды.

Айиррис Ахметкалиева мен Вита Колесникованың жобасы жеңімпаз атанды. Екінші орын Даяна Сесез бен Юрий Шумаковқа, ал үшінші орын Оксана Барсукова мен Аңсар Жалғасовқа бұйырды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel