RU

Қызылордада әкесі мен ұлын автобус қағып кетті: Желіде видео жарияланды

Қызылордада автобустың ер адам мен оның баласын қаққан видеосы желіге жарияланды. Ролик Instagram-дағы Astana_sergek тобына шыққан деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Facebook

Кадрларда баланың аяқ астынан автобустың алдына жүгіріп шыққаны көрінеді. Ал әкесі оны қуып жетуге тырысып, баласын бүркемелейді және екеуін де қағып кетеді.

Автобус дөңгелегі ер адамды бірнеше метрге дейін сүйреп, содан кейін тоқтайды.

Осының бәрі видеоға жазылған.

Естеріңізге салайық, Қызылордада өз ұлын құтқармақ болған әке қайтыс болған еді. Ал төрт жасар бала жансақтау бөлімінде жатыр.

Видеодан кадр: Instagram/Astаnа_sergek
Видеодан кадр: Instagram/Astаnа_sergek: Depositphotos

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1822830-kyzylordada-kesi-men-lyn-avtobus-kagyp-ketti-zelide-video-zarialandy.html