RU
Жақында ғана босанған Лидо алғаш рет қызын көрсетті (фото)

Жақында ғана босанған Лидо алғаш рет қызын көрсетті (фото)

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық танымал әнші Лидо алғаш рет төртінші сәбиін көрсетті. Көпбалалы ана тамыз айында дүниеге келген Рамина есімді қызының суретін желіде жариялады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Өнер иесі кішкентай қызын арнайы фотосессияға түсіріп, оның суреттерін Instagram парақшасына жүктеп қойған.

"Қайырлы күн, менің қымбаттыларым. Сіздермен біздің гауһартасымыз Раминамен таныстырып, оның алғашқы суреттерімен бөлісетін күнім келіп жетті" , - деп жазды Лидо.

Әншінің сөзінше, аталмыш фототүсірілім Раминаның туғанына үш апта болғанда өткен. Желідегілер кішкентай сәбиге тәнті болып, оған деген өз ақ тілегін жаудырған.

Айта кетейік, әнші Лидо биыл көпбалалы ана атанды. Шоу-бизнес жұлдызы мен күйеуі екі қыз бен, екі ұл тәрбиелеп отыр. Олар Американың Лос-Анджелес қаласында тұрып жатыр.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
3
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel