RU
"Ол құлайды": WBC чемпионы Головкинді жекпе-жекке шақырды
Жаңалықтар Қоғам

"Ол құлайды": WBC чемпионы Головкинді жекпе-жекке шақырды

Рассказать Вконтакте

WBC тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Джермалл Чарло Головкиннің Деревянченконы жеңісіне байланысты пікір білдіріп, қазақстандық боксшымен жекпе-жекке шығуға ниетті екенін мәлімдеді деп хабарлайды Sports.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Басылым мәліметінше, 7 желтоқсан күні Нью-Йорктегі Barclays Center аренасында Чарло ирландиялық Деннис Хоганмен жұдырықтасады.

Боксшы журналистерге Головкин туралы ойын ашық жеткізді.

"Мен Головкиннің соңғы айқасы туралы не айта аламын? Жақсы жекпе-жек болды. Головкин – аңыз, ол керемет боксшы. Мен онымен қуана-қуана рингке шығар едім. Сондай-ақ ол үнемі шабуыл жасайтын боксшы.
Стильдер жекпе-жекке арқау болады және оның стилі менікіне ұқсас. Бұл нағыз айқас болмақ. Біз онымен 12 раундтың барлығын өткізер едік деп ойлаймын, әрине ол шыдай алмаса, құлайды. Мен үздіктермен ғана жұдырықтасқым келеді. Мейлі, "Канело", Ковалев, Головкин немесе Джейкобс болсын", - деді ол.
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel