Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мұғалімдер мен дәрігерлер үшін жалдамалы баспана алудың шарттары қандай

Опубликовано:

Биылдан бастап еліміздің мұғалімдері мен дәрігерлеріне "Қазақстан ипотекалық компаниясы" АҚ-дан сатып алу құқығымен жалдамалы баспана беріледі. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі аталған баспаналарды алудың шарттарын түсіндірді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Көрнекі сурет: pixabay.com
Көрнекі сурет: pixabay.com: Facebook

Пәтерді жалға алу мерзімі – 20 жылға дейін. Жылдық мөлшерлемесі – 3,1 пайыз, бастапқы жарна қажет емес.

Министрліктің мәліметінше, "Қазақстан ипотекалық компаниясы" тек жаңа пәтерлерді ғана сатып алады.

Мысалы, пәтер құны 9,6 миллион теңге болса, ай сайынғы төлем шамамен 53 мың теңгені құрайды.

Айта кететін тағы бір жайт, жалға алу құнына эксплуатациялық және коммуналдық қызметтердің төлемі кірмейді.

Бюджет саласының қызметкерлеріне арналған тұрғын үй бағдарламасы 2019 жылдың маусымында іске қосылған болатын.

Баспанаға мұқтаж адамдардың тізімін Білім және ғылым министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігі жасайды. Содан соң "Қазақстан ипотекалық компаниясы" азаматтың төлем қабілетін бағалап, баспананы жалға беру келісімшартын бекітеді.

Алдағы екі жыл ішінде бағдарламаны іске асыруға 40 миллиард теңге бағытталып, 3 мыңға тарта дәрігер мен мұғалімді баспанамен қамту жоспарланып отыр.

Бүгінде Алматы қаласында 4,3 миллиард теңгеге (288 пәтер), Қарағандыда 0,2 миллиард теңгеге (21 пәтер) келісімшарттар бекітілген. Нұр-Сұлтанда 146 пәтер сатып алу үшін 1,9 миллиард теңгенің келісімшартына қол қойылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1822871-mgalimder-men-drigerler-sin-zaldamaly-baspana-aludy-sarttary-kandaj/

pixel