RU
"Арманы жоқ шығар": Жеңіс Ысқақовамен тойға шыққан Салтанат Бақаева елді сүйсінтті

"Арманы жоқ шығар": Жеңіс Ысқақовамен тойға шыққан Салтанат Бақаева елді сүйсінтті

Рассказать Вконтакте

Ұзату тойында қызды алып шыққан Жеңіс Ысқақова мен Салтанат Бақаева көпшіліктің алғысына ие болды. Оқырмандар әншілердің қарапайымдылығын сөз етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр

Видеодан кадр

Мерекелік кеш Ақтөбе қаласындағы мейрамханалардың бірінде өтті.

Ұзату тойдың видеосын Бақаева Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.

"Жақында Жеңіс Ысқақова әпкеммен Ақтөбенің ару қызын той төріне кіргіздік. Қазақтың бұрыннан келе жатқан қасиетті ол ырымға сену, қазіргі психологтардың тілімен айтқанда аффирмация деген атау алған сияқты.

Сен біреудің өмірін көре отырып, өзіңнің өмірің сондай болса екен деп армандайсың. Сол себепті менің сіздерге айтар кеңесім: армандаңыздар.

Сол ата-бабамыздан келе жатқан үрдісіміз бойынша той иелері ырымдап Жеңіс әпкемнің жолын берсін деген ниетпен ерекше сценарий ойластырған екен", - деді Салтанат.

Бұны көрген желі оқырмандары "Тамаша", "Жарасып тұр", "Ұзатылған қыздың арманы жоқ шығар", " Қазақтың кыздарының сұлулығы шексіз", "Бәрі де тамаша" деген пікірлерін қалдырды.

Сіздің реакцияңыз
4
1
0
0
1
5
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel