RU
СҚО-да ауруханада емделіп жатқан науқас бесінші қабаттан секіріп өлді

СҚО-да ауруханада емделіп жатқан науқас бесінші қабаттан секіріп өлді

Рассказать Вконтакте

Солтүстік Қазақстан облыстық фтизиопульмонологиялық орталықта ем алып жатқан ер адам бесінші қабаттан секіріп, мерт болды. Қаза тапқан ер адам 40 жаста болған деп хабарлайды ҚазАқпарат.

СҚО-да ауруханада емделіп жатқан науқас бесінші қабаттан секіріп өлді

Көрнекі фото: pixabay.com

СҚО Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, терезеден секіріп кеткен азамат 10 қазан күні облыстық фтизиопульмонологиялық орталықтың хирургия бөлімшесіне диагностика жасау мақсатында жатқызылған.

Емдеу мекемесіне түскенге дейін ол екі апта бойы тоқтаусыз ішімдік ішкен екен. 14 қазан күні сырқаттың «маскүнем елірмесі» қозып, сандырақтай бастаған.

Ал таңғы сағат 04:00 шамасында тубдиспансердің бесінші қабатынан секіріп кеткен.

«Сырқат тілге келместен сол жерде жан тапсырды. Дәрігердің тағайындауынсыз ешқандай дәрі-дәрмек қабылдаған жоқ. Препараттардың есебін жүргіздік.
Өз-өзіне қол жұмсауының басты себебі – маскүнемдік болуы мүмкін. Әрі марқұмның үйі-күйі болмаған», - дейді СҚО Денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Тимур Сұлтанғазиев.
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
5
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel