RU
Балаcына екпе салдырудан бас тартқан ата-аналар айыппұл арқалай ма
Жаңалықтар Қоғам

Балаcына екпе салдырудан бас тартқан ата-аналар айыппұл арқалай ма

Рассказать Вконтакте

Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин балаларына екпе салдырудан бас тартқан ата-аналарға айыппұл салынбайтынын мәлімдеді. "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" жаңа кодекстің жобасы қазір мәжілістің қарауында – онда айыппұл көрсетілмеген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: pixabay.com

Көрнекі сурет: pixabay.com

"Заң жобасы парламентке жіберілмей тұрып кең ауқымды талқылаудан өтеді. Талқылаудан кейін түсіндіру жұмыстарын жүргізуге шешім қабылдадық. Қазір жобада ондай норма (айыппұл туралы) жоқ", – деп мәлімдеді Бекшин.

Ол екпеге қатысты бір ғана "тыйым салынатын" ереже барын атап өтті. Ол – балабақшаларға екпе салынбаған балаларды қабылдамау туралы.

Дегенмен, бұл жағдайда да ата-аналарға айыппұл салынбайды. Егер балабақша екпе салынбаған баланы қабылдаса, алдымен басшылықпен әңгіме жүргізіледі, кейін тиісті материал сотқа берілуі мүмкін.

"Балабақшаға бару үшін ата-ана баламен бірге педиаторға барып, денсаулық төлқұжатын алады. Онда балаға екпе салынғаны, сау екені көрсетілген қорытынды жазылады.

Егер денсаулық төлқұжатында ондай қорытынды болмаса, мектепке дейінгі мекеме басшысының баланы қабылдауға құқығы жоқ. Егер бұл талаптар бұзылса, мекеме басшысы мен ата-анаға мәселені түсіндіру бойынша жұмыс жүргізіледі.

Ал егер бұдан да нәтиже шықпаса, материал сотқа жіберіледі", – деп түсіндірді бас санитар.

Айта кетейік, бұған дейін бірқатар БАҚ өкілдері баласына екпе салдырудан бас тартқан ата-анаға айыппұл салынуы мүмкін екенін хабарлаған болатын.

Сіздің реакцияңыз
3
1
0
1
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel