Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ботам дейді": Белгілі журналист қайын енесін жер көкке сыйғызбай мақтады

Опубликовано:

Белгілі журналист Маржан Сәдуақасова қайын енесін туған күнімен ерекше құттықтап, ата-енесінің өзіне деген қарым-қатынасы туралы айтып берді. Өзінің Instagram парақшасында айрықша жазба қалдырған ол, көптің ыстық ықыласына бөленді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айта кетейік, танымал журналист жақында ғана тұрмысқа шыққан еді. Желіге алғаш рет қайын атасы мен ақйын енесі туралы жазған ол, араларындағы жылы қарым-қатынас туралы айта кеткен.

"Бүгін керемет күн! Менің махаббатымды дүниеге әкелген жан, аяулы жар, менің екінші анамның туған күні! Мені ұямнан ұшырып, өз еліме жеткізген, жұртың осы деп жылы қабылдап, аманатпен өз ордасына мейіріммен қарсы алған аялы алақанның жекеменшік мейрамы.

Аллаға шүкір, 18+42-ге келіп жатыр, мерейтой! Шеше, Сізге зор денсаулық, ұзақ әрі қызық ғұмыр, әке екеуіңіздің біздің қызығымызды көріп, немере-шөбере сүюлеріңізді тілеймін! Қашан да жадыраған жүзіңізден күлкі кетпей, жанымызда болуыңызды сұраймын.

Сіздердің разылықтарыңызды алып, баршамыз бірге екі дүниеде де бақытты болуымызды Алла нәсіп етсін", - деп құттықтаған ол.

Сонымен бірге ол қайын енесінің не себепті "шеше" деп айтатынын да жасырмаған.

"Иә, мен бұл кісіні шеше деймін. Мен тұрмыс құрғанда көбі ойлады, Қарағанды жақ орыстанған елге кетті деп. Жоқ, олай емес! Әкемізді әке дейміз, анамызды шеше дейміз, үйде бәріміз қазақша сөйлейміз, барлық салт пен дәстүрді ұстанамыз, күніге таңертең ол кісілерге сәлем саламын.

Таң қалмаңыз, рас солай! Шешем мені "ботам" десе, әкем "құлыным" дейді. Ерке келінмін. Жолдасымның әпке-қарындасы болмағандықтан, мен бұл үйдің қызындаймын...", - деп жазба қалдырған ол.

Желі қолданушылары журналистің айрықша құттықтауы мен енесіне деген құрметіне дән риза болған. Олар:

"Шешеңіз жүз жасасын", "Енеңіз жақсы адам екені көрініп тұр, сыйласып өтіңіздер", "Ұзақ өмір жасасын" деген жылы тілектерін жаудырып жатыр

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1822914-botam-dejdi-belgili-zurnalist-kajyn-enesin-zer-kkke-syjgyzbaj-maktady/

pixel