RU
Оралда оқушыны ұрлауға әрекеттенген 46 жастағы күдікті ұсталды
Жаңалықтар Қоғам

Оралда оқушыны ұрлауға әрекеттенген 46 жастағы күдікті ұсталды

Рассказать Вконтакте

Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті №44 мектеп-гимназиясының бесінші сынып оқушысына шабуыл жасаған күдіктінің ұсталғанын хабарлады. 46 жастағы ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pexels.com

Көрнекі фото: pexels.com

Полиция қызметкерлері ұрлау әрекеті жасалған күні оқушының ата-аналары оларға жүгінбегенін атап өтті. Жедел-тергеу тобы аудио-ақпаратқа жауап беріп, күдіктіні өз бетінше іздей бастады.

"Екі күн бойы іргелес жатқан ықшам ауданды тінтіп шықтық. Бүгін 1973 жылғы күдікке ілінген ер азаматты қолға түсірдік. Жәбірленуші шабуыл жасаған ер азаматты анықтады.
Алғашында "Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, бірақ кейінірек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 125-бабына (Адам ұрлау) сәйкес іс қаралуда. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде", - деді БҚО ПД басшысның орынбасары Серік Сүйінбаев.

Еске сала кетсек, 16 қазан күні кешке белгісіз біреу мектептен үйге бара жатқан оқушы қыздың артынан шабуыл жасаған.

Сіздің реакцияңыз
0
3
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel