RU

Аймағамбетов көкшетаулық педагогтың сұхбатына қатысты пікір білдірді

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов желіде жарияланған көкшетаулық педагогтың сұхбатына қатысты пікір білдірді. Сұхбат барысында мұғалім заманауи білім беру жүйесіне байланысты сыни пікірлер айтып, жұмыс процесінде тап болған қиындықтарын атап өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Асхат Аймағамбетов. Фото: NUR.KZ
Асхат Аймағамбетов. Фото: NUR.KZ: Original

Осыған байланысты Білім және ғылым министрі өзінің Facebook парақшасында пост жариялап, онда Ахетованың видео сұхбаты әлеуметтік желіде кеңінен таралып жатқанын сөзге тиек етті.

"Аталған ролик барысында көтерілген мәселелер қоғам тарапынан қызу талқылануда. Дәл қазір бұл материалдың мазмұнына қатысты ешқандай баға бермеймін.
Ең бастысы, кез келген мұғалім мен ата-ана өз пікірін ашық білдіруге құқылы екенін түсіну – маңызды, ал біздің міндетіміз - осы ұсыныстар мен ескертулерді назарға алу", – деп жазды Аймағамбетов.

Сондай-ақ, ол мемлекет басшысының педагог ұсыныстарын жұмыс барысында пайдалану үшін оларды мұқият зерделеуге тапсырма бергенін атап өтті.

"Осы бағыттағы жұмысымызды жалғастырамыз. Сенбі күні әріптесімізбен кездесіп осы мәселелерді талқылаймыз", – деп түйіндеді министр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1822948-ajmagambetov-kksetaulyk-pedagogty-shbatyna-katysty-pikir-bildirdi.html