RU
Желіде Айым Сейтметованың ұзатылу сәтінен видео тарады
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Желіде Айым Сейтметованың ұзатылу сәтінен видео тарады

Рассказать Вконтакте

Желіде актриса Айым Сейтметованың ұзату тойынан видео пайда болды. Онда жас қалыңдықтың мейрамханаға кіргенін және ұзатылып бара жатқан сәтін анық көруге болады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram

Фото: Instagram

Танымал актер Азат Сейтметов пен актриса Данагүл Темірсұлтанованың қызы қазақы дәстүрге сай ұлттық нақыштағы көйлек киіп, қыздардың сыңсуымен ортаға келген.

Кейін аталмыш парақшада Айым Сейтметованың басына әшекейлі бұйым тағып, болашақ жарымен қол ұстасып кеткен сәтін көрсететін тағы бір видео пайда болды.

Желі қолданушылары жас жұбайларға жылы тілектерін жаудыруда.

Олар "Өте әдемі көйлек", "Қосағыңмен қоса ағар", "Бақытты болыңыздар" деген тілектерін жазып жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Айым Сейтметоваға сырға салынып, актриса өзінің қызойнағын ерекше стильде атап өткен еді.

Кейін Айымның анасы Данагүл Темірсұлтанова қызының жасауын көпшілікке көрсетті.

Сіздің реакцияңыз
6
0
1
1
2
13
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel