RU
Қостанайда екі күн бұрын үйінен шығып кеткен 14 жасар қыз іздестірілуде (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Қостанайда екі күн бұрын үйінен шығып кеткен 14 жасар қыз іздестірілуде (фото)

Рассказать Вконтакте

Қостанай қаласында 14 жастағы қыз бала іс-түссіз жоғалып кетті. Бұл туралы 16 қазан күні мектеп оқушысының анасы полицияға хабар берген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Қыздың жақындарының мұрағатынан алынды

Фото: Қыздың жақындарының мұрағатынан алынды

Қара күрте, етік, жемпір киген Полина Попова үйінен шығып, белгісіз бағытқа қарай кеткеннен оралмаған.

Ол соңғы рет байланысқа 16 қазан күні кешкі 7-лер шамасында шығыпты.

Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі қыз баланы іздестіріп жатқанын хабарлады.

Ұлттық ұланның еріктілері мен әскерилер құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қосылып, қала бойынша тінту жұмыстарын жүргізуде.

Ерекше белгілері: еуропалық келбет, бойының ұзындығы шамамен 172 см, дене бітімі орташа, шашы иыққа дейін түскен, көзінің түсі сұр-көк.

Өзімен бірге "Samsung" ұялы телефонын алып шыққан.

Қыз баланы көрген-білгендер болса, Қостанай облыстық полиция департаментіне хабарласуды сұраймыз. Байланыс нөмірі 52-69-01 немесе "102".
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
4
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel