RU
Қарағандыда автобустағы 20 жолаушы зардап шеккен жол апатына кінәлі адам анықталды

Қарағандыда автобустағы 20 жолаушы зардап шеккен жол апатына кінәлі адам анықталды

Рассказать Вконтакте

Қарағандыда 20 адам зардап шегіп, оның он бірі ауруханаға жатқызылған аса үлкен жол апатына кінәлі адам "Хонда" автокөлігінің жүргізушісі болып шықты. Азамат басты жолға шығып кетіп, автобуспен соқтығысып қалған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Оқиға орнынан фото: NUR.KZ

Оқиға орнынан фото: NUR.KZ

«Алдын ала мәлімет бойынша, "Хонда" жеңіл көлігінің жүргізушісі асфальтталған басты жолға екінші дәрежелі жолдан шығып кеткен. Автобуста 30 жолаушы болған. Медициналық көмек он бір адамға көрсетілді", - деп мәлімдеді Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Дәрігерлер зардап шеккендердің тек біреуі ғана ауыр жарақаттар алғанын хабарлады. Ол ауруханада қалды. Қалған жолаушылар дәрігерлік көмекті алып, стационарлық емнен бас тартты.

"Хонда" көлігінің тізгінінде болған азаматқа қатысты қылмыстық іс тергелуде. Ол тәртіп сақшыларына автобусты байқамай қалғандықтан қозғалысын жалғастыра бергенін айтты.

Айта кетейік, бұған дейін Қарағандыда автобус аударылып, 20 адам зардап шеккенін хабарлаған болатынбыз.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel