Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстау облысында 120 пәтер кілті табысталды

Опубликовано:

Бүгін Қарақия ауданының орталығы Құрық ауылында жаңадан салынған 4 қабатты 5 тұрғын үй пайдалануға берілді.

Маңғыстау облысында 120 пәтер кілті табысталды
Фото: Маңғыстау облыстық әкімдігі баспасөз қызметі: Instagram

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында бой көтерген 120 пәтерлік тұрғын үй кезектегі көпбалалы отбасыларға, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көп балалы аналарға, халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын осал топтарына жататын азаматтарға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастарға табысталды.

Маңғыстау облысында 120 пәтер кілті табысталды
Фото: Маңғыстау облыстық әкімдігі баспасөз қызметі: Facebook

Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов салтанатты шараға арнайы қатысып, тұрғындарды жаңа қонысымен құттықтады.

Маңғыстау облысында 120 пәтер кілті табысталды
Фото: Маңғыстау облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі: Facebook
"Әрбір адам үшін баспананың маңызы зор. Қарақия ауданында жаңадан салынған тұрғын үйдің орналасқан жері бұрын ашық дала болатын, ал қазір жаңа тұрғын үйлер бой көтерген шағын қалашыққа айналды. Алдағы уақытта Жетібай ауылында тозығы жеткен үйлердің орнына жаңа үйлер салынатын болады. Осы орайда, сапалы және мерзімінде атқарған жұмыстары үшін мердігер компания мен құрылысшыларға алғысымды білдіргім келеді", - деп атап өтті облыс әкімі Серікбай Трұмов.
Маңғыстау облысында 120 пәтер кілті табысталды
Фото: Маңғыстау облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі: Getty Images

Жоба бойынша әрбір үй 24 пәтерден тұрады. Екі бөлмелі үйдің ауданы 53, 54 және 55 шаршы метрді құрайды. Тұрғын үй құрылысына республикалық бюджет есебінен 861 млн.теңге жұмсалған.

Маңғыстау облысында 120 пәтер кілті табысталды
Фото: Маңғыстау облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі: Facebook

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1823010-magystau-oblysynda-120-pter-kilti-tabystaldy/

pixel